Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат» Ересектер «Айналайын» тобы
Бостандық ауданы
МКҚК «№ 92 бөбекжай - балабақшасы»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Ересектер «Айналайын» тобы
Тәрбиеші: Саркеева Гаухар Айтхожақызы
Ересектер «Айналайын» тобының ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеумет»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорларын молайту. Ой-өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту.Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ұжыммен бірігіп әрекет жасауды
Түсінеді: ғарышкер, ғарыш, аспан әлемі туралы
Қолданады: Сұраққа толық жауап береді
Әдіс –тәсілдері: әңгімелесу,түсіндіру, сұрақ-жауап, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті, 4к моделі
Көрнекілігі: слайд, зымыран, ғаламшарлар.
Сөздік жұмыс: зымыран, иллюминатор, ғарыш айлағы
Билинвальды компонент: зымыран- ракета- rocket, ғаламшар-планета- planet, ғарышкер-космонавт- astronaut.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар,
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар,
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң, Қонақтар!
- Сәлеметсіздер ме!
- Балалар, бүгін бізде ашық оқу қызметіміз ерекші болмақ. Себебі, бізге қонақтар келіпті. Сендер өздеріңнің қандай алғыр, епті, ақылды бала екендеріңді көрсетіңдер.
Негізгі бөлім
Мен сендерге бір жұмбақ жасырамын
Жұмбақ:
Күміс қанат сұңқары
Көкке еркін сүңгиді
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
Жауабы: Ғарышкер
Дұрыс айтасыңдар айтасыңдар. Ал, Ғарышкер нені зерттейді?
Ғарыш әлемін зерттейді.
Ал, сендер ғарыш әлеміне саяхат жасағыларың келеді ме?
Ия
Саяхатқа шықпас бұрын мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын. Мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысыңдар.
Ең алғаш ғарышқа ұшып, аман қайтқан қай жануар?
Белка мен стрелка атты иттер.
Өте тамаша, Әлібек. Ең алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім?
Ең алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер Ю. Гагарин
- Дұрыс. Ал, Қазақстаннан ұшқан қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
- Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев. Айдын Айымбетов
- Ой, бәрекелді. Біз батыр ғарышкерлерімізбен мақтанамыз. Олай болса, ғарышкерлер туралы тақпақты кім оқып береді?
Тақпақ:
Ару
Мақтанышы даламның,
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады.
Аяжан
Байқоңырдан ұшқанға,
Барлық әлем қарады.
Дос құшақтар аспанға,
Көтеріліп барады.
Риза
Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінінің баласы,
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
Әлібек
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Ғарышкер менде боламын,
Боламын десем, боламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Үлкен ғалым боламын.
- Балалар, біз ғарышқа қандай көлік түрімен ұшамыз?
- Біз ғарышқа зымыранмен ұшамыз.
- Ал, зымыран көліктің қандай түріне жатады?
- Әуе көлігіне жатады.
- Дұрыс айтасыңдар, зымыран өте жылдам әуе көлігіне жатады. Бірақ, балалар, біз зымыранды қайдан алсақ болады? Ол үшін сендерге мына көңілді жолдар арқылы, құрастыру орталығына баруға ұсыныс жасағым келіп тұр.
Құрастыру орталығы
- Біз қайда тап болдық? (Риза)
- Сендер конструктор орталығына келдіңдер. Бұл жерде зымыран жасалады.
- Инженер біз ғарышқа ұшқымыз келеді. Бізге зымыран жасап бересіздер ма? (Ару)
- Ал, айтыңдаршы зымыран қандай геометриялық пішіндерден тұрады?
- Зымыран тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, дөңгелектен тұрады.
- Маған танграммнан ғарыш кемесін жасап беріңдерші
- Зымыран адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат. Оның негізгі ерекшелігі – ғарышкердің өмірін сақтауға арналған тұмшаланған кабинасының болуы. Зымыранның адам отыратын жері корпусы /негізі/ деп аталады. Зымыранның терезелері бар оларды иллюминатор дейміз. Сіздердің « № 92 Ақбота» атты зымырандарыңыз ұшуға дайын. Менімен бірге жүріңіздер. (ғарыш кемесінің жанына апарады). Сәт сапар!
(Алдарынан ғарышкер шығады)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер ғарышкер болғыларың келеді ма?
- Ия
- Ғарышкерлер ержүрек, батыл, ақылды, білімді болу керек. Сонымен қатар денсаулықтары мықты , шыныққан болу керек. Ұшар алдында сендердің ептіліктеріңді байқау үшін, сергіту сәтін жасап алайық.
Ғарышкермен бірге нейрожаттығулар жасау
Сергіту сәті:
Арманы бар бір ғана,
Талабы зор баламыз.
Шынығумен шыңдала,
Тез-ақ өсіп толамыз.
Жұлдыдарды жағалай,
Айға барып қонамыз.
Тұңғыш Тоқтар ағадай,
Біз ғарышкер боламыз.
Зымыранға отырып, ғарышқа ұшу. (10-1 дейіе кері санау)
«Аспан әлемі» не деген керемет. Қараңғы түн. Аспанда жарқыраған жұлдыздар. Ғарыш әлемінде заттардың салмағы болмайды. Бізде қалқып, ұшып жүреміз.
- Балалар, біз шоқ жұлдыздар қасынан ұшып барамыз. Шоқжұлдыздар деп белгілі бір жарық жұлдыздармен пішін жасап тұрған аспан денелерін атаймыз. Аспанда шоқжұлдыздар өте көп. Ғалымдар шоқжұлдыздың 88 түрін анықтаған. Аспан әлемінде ең жарық жұлдыз Сириус. Себебі ол жерге жақын орналасқан. Балалар, осы жерде сендермен бірге тапсырма орындайық. Егер осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, аспан әлеміндегі бір шоқ жұлдыздың бейнесі шығады. Сендерге осы шоқ жұлдыз туралы аңыз айтып беремін.
Аңыз Жетіқарақшы мен Темірқазық.
Біз саяхатымызды әрі қарай жалғатырамыз. Балалар, қараңдаршы біз ғаламшарларға келдік. Аспан әлемінде 9 ғаламшар бар. Сендер қандай ғаламшарларды білесіңдер?
- Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз?
- Жер ғаламшарында өмір сүреміз
- Жер ғаламшары не себепті жасыл мен көк түстерден тұрады?
- Себебі көк түс-суымыз, жасыл түс- жазық жерлеріміз.
- Балалар, біздің жер ғаламшарына қайтатын уақытымыз таяп қалған секілді. Алдарымызда тұрған сиқырлы алақанға қолдарыңды қойып, көзімізді жұмамыз. (музыка ойнайды)
- Балалар, өз әлемімізге сәтті оралдық.
Бізді ғарыш әлемінен келген тосын сый күтіп тұр екен. Ой, балалар, мынаның ішінен не шығады екен. (жарып көреді). Өздеріңе ұнаған аспан денелерінің суретін алып, топқа бөлініп отырамыз.
«Ай» тобы: «Банкадағы ғарыш» (боялған су, мақта, жылтырды пайдалана отырып, құтыдағы ғарышты жасайды)
«Күн» тобы: майда тастар арқылы Қазақстанның картасын жасау
«Жұлдыз» тобы: сүт бетіне ғарыш әлемін бейнелейді.
Қорытынды
Рефлексия
Тәрбиеші:-Балалар, бүгін уақытымызды сондай көңілді өткіздік!
-Біз бүгін қайда бардық?
- Ғарышкерлер қайда ұшады екен?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
- Балалар, сендер Отанымыздың жарқын болашағысыңдар. Ғалым да, дәрігер де, ғарышкер де сендерсіңдер. Ол үшін сендер білімді, тәртіпті болуларың керек. Құрметті әріптестер келгендеріңізге рахмет. Сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлағымыз келеді., Қазақстанның болашақ жарық жұлдыздарының орындауындағы "Бақытты балдырғандар" әнін қабыл алыңыздар.