«Жасыл планета өзімізден басталады: тазалық үшін бірге!» атты экологиялық челлендж » ГККП "Ясли сад №92"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№92 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 396-31-70
Әдіскер:
+7(727) 396-29-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жасыл планета өзімізден басталады: тазалық үшін бірге!» атты экологиялық челлендж
13
қазан
2025

«Жасыл планета өзімізден басталады: тазалық үшін бірге!» атты экологиялық челлендж

«Жасыл планета өзімізден басталады: тазалық үшін бірге!» атты экологиялық челлендж аясында Алматы қаласының білім беру мекемелерінде экологиялық бағыттағы түрлі іс-шаралар жүзеге асуда. Солардың бірі – Алматы қаласындағы «№92 бөбекжай-балабақшасында» өткен тәжірибелік іс-әрекет.
Негізгі мақсат – балаларды табиғатпен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық сезімдерін дамыту деді аталмыш балабақша әдіскері Мусрепова Махпал Сейсеновна.
-«Біз осы тақырып аясында балалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі тәжірибелік іс-әрекетіміз – соның айқын нәтижесі», – дейді «Сұңқар» тобының тәрбиешісі ИНГАЙБЕКОВА Ардак Амангельдиевна.
Бүгінгі оқу іс-әрекет барысында балалар қалдықтарды арнайы жәшіктерге сұрыптап салды: жеген алмаларының қалдықтарын органикалық қалдықтарға арналған жәшікке, ал пластик бөтелке қақпақтарын пластикке арналған жәшікке тастады. Осындай дағдылардың қалыптасуы – балалардың экологиялық мәдениетін арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосары анық.
Ал екінші Алымханова Сандугаш Кабдилкамитовна бастаған «Алпамыс» тобындағы балалар сол сұрыпталған қалдықтарды қайта өңдеп, жаңа бұйымдар жасады. Бұл – олардың шығармашылығы мен ұжымдық бірлігінің көрінісі. Әр бала өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындап, үлкен қызығушылық танытты.
Келесі кезек тәрбиеші Садыкова Салтанат Нургаликызы бастаған «Балдәурен» тобына келді. Олар ата-аналармен бірлесе далада құстарға арнап ұя жасап, өз қолдарымен ағаш бұталарына іліп қойды. Әр ұя алдына жем шашып, қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасады. Бұл көрініс – мейірім мен ізгіліктің шынайы көрінісі іспетті. Тәрбиеші Салтанат апай Біздің мақсатымыз – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, оларды қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету”, — деп іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Балабақша меңгерушісі Молдагожина Райхан Койшыновна айтуынша,«Жасыл планета өзімізден басталады: тазалық үшін бірге!» атты экологиялық челленджі табиғатқа жанашыр, қоршаған ортаны аялауға бейім ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
 Шынында да, әр бала – елдің ертеңі. Ал болашақ ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру – тәрбиешілер мен ата-аналардың ортақ парызы. Балабақша ұжымының еңбегі зор. Олар осындай шаралар арқылы балалардың бойына білім мен ізгілікті, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ұялататыны анық.
Жұлдыз Смаилова,
Алматы қаласы

https://ru.bilimainasy.kz/08-10-25-05/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив