Бала Фест фестивалінің аясында"Бақытты бала -бақыт бастауы" атты отбасылық спорттық сайысы.
«Бақытты бала - бақыт бастауы»
атты отбасылық спорттық сайысы
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі 2022 жыл «Бала» жылына арналған «Бақытты бала – бақыт бастауы» атты мерекелік сайысқа қош келдіңіздер!
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашанда мойымайтын.
Болашақ спортшылар келеді ортаға,
Қол соғып қарсы алайық қане халқым.
Жүргізуші: алдарыңызда Флешмоб «Біз бақытты баламыз»
Жүргізуші: дені сау ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен дене тәрбиесі мен сапалы білім ықпал етеді. Яғни дені сау және білімді ұрпақ мемлекет идеологиясының маңызды бір саласы іспеттес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауының да түп-төркіні осында жатыр.
Жүргізуші: құрметті ұстаздар және қадірменді қонақтар бүгінгі сайыста қайсарлық пен қырағылық танытатын топтарды қарсы алайық. (топты топ басшылары бастап келеді)
Жүргізуші: «Тік тұр!», «Назар, ҚР мемлекеттік туына!» (Әнұран)
Жүргізуші: бүгінгі жарысқа түсетін командалармен танысып алсақ:
1-ші команда «Болашақ» (команда капитаны ұрандарын айтады)
2-ші команда «Қыран» (команда капитаны ұрандарын айтады)
Жүргізуші: ендіше спортшылар сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
Әділ қазылар алқасының төрайымы:
Әділ қазылар алқасының мүшелері:
Командалар флешмоб степ орындықтарымен.
Жүргізуші: сайыс ережелерімен таныстырып өтейін: бес сайыстан тұрады. Әр сайыс аяқталған соң әділ қазылар алқасы 5 баллмен бағалайды. Әр бір жасалған қателікке қазылар алқасы 1 баллдан алып отырады. Сайыс аяқталған соң әділ қазылар алқасы бүгінгі сайыста командалардың жинаған балдарын қосып, жеңімпаз команданы анықтайды. Сайыс ережелері барлығыңызға түсінікті болса біз сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Командаларға сайыста сәттілік тілейміз.
1-ші сайыс: Дәстүрлі емес құралдарды пайдалана отырып, сайыстың аты «Біз бірінші?!» деп аталады.
Шарты: Сайыс алаңы әр командаға 7 обруч классик ойыны тәріздес орналасқан және фетрде орналасқан әр түрлі бағыттағы аяқ іздерімен жабдықталған. Әр командан бір-бір ойыншыдан обручтен жасалған классик ойынын ойнап, фетрде орналасқан әр түрлі бағыттағы аяқ іздеріне аяқ бағытын дәл қойып, фетрден өтіп, айналып жүгіріп мәре сызығына жеткенде, келесі ойыншы ойын шартын қайталайды. Кай команда бірінші, сол жеңеді!
2-ші сайыс: Дәстүрлі емес құралдарды пайдалана отырып, сайыстың аты «Біз епті?!» деп аталады.
Шарты: Сандали пішінді 2 фетрден жасалған аяқ киімің саусақ басына стакан орналасқан. 2 үстел үстінде себетте теннис доптарымен және 2 бос себетпен жабдықталған. Әр командан бір-бір ойыншыдан шығып, фетрден жасалған сандалиді киіп, стаканға теннис доптарын салады. Аяқты сырғыта отырып, допты құлатып алмай 5 метрде тұрған бос себетке салып, мәре сызығына жеткенде, келесі ойыншы ойын шартын қайталайды. Кай команда епті, сол жеңеді!
3-ші сайыс: Дәстүрлі емес құралдарды пайдалана отырып, сайыстың аты «Толқынды баскетбол?!» деп аталады.
Шарты: Матадан жасалған екі басында ойығы бар баскетбол алаңымен баскетбол добымен жабдықталған. Бірінші әр командадан әкелер шығып, баскетбол алаңын толқындата отырып, екі ойықтың біріне баскетбол добын түрсіріп, мәре сызығына жеткенде, ойын шартын аналар, соңында балалар қайталайды. Кай команда жылдам, сол жеңеді!
4-ші сайыс: Дәстүрлі емес құралдарды пайдалана отырып, сайыстың аты «Кім жылдам?!» деп аталады.
Шарты: Сайыс алаңы әр командаға фетрде орналасқан әр түрлі бағыттағы аяқ іздерімен 8 обруч бірінен кейін бірі орналасқан, әр обручтің жанында доптармен және қонжықпен жабдықталған. Әр командан бір-бір баладан шығып фетрде орналасқан әр түрлі бағыттағы аяқ іздеріне аяқ бағытын дәл қойып, обручттердің арасымен жүгіріп өтіп, үстелдің үстінде тұрған қонжықтың ішіне кіші допты салып себетке түсіреді де мәреге жүгіріп келеді, екінші кезекте аналар шығып фетрде орналасқан әр түрлі бағыттағы аяқ іздеріне аяқ бағытын дәл қойып, обручттердің сол жағында орналасқан бір допты алып оң жағына қойып, обручтердің арасымен жүгіріп өтіп, үстелдің үстінде тұрған қонжықтың ішіне кіші допты салып себетке түсіреді де мәреге жүгіріп келеді және осы амалды әкелерде қайталайды. Қай команда жылдам, сол жеңеді.
5-ші сайыс: Дәстүрлі емес құралдарды пайдалана отырып, сайыстың аты «епті атлет?!» деп аталады.
Шарты: Ойын алаңы екі гимнастикалық таяқшамен, доппен және обручпен жабдықиалған. Әр топтан екі ойыншы гимнастикалық таяқшаны екі қолдарымен ұстап шеңбердегі допты қысып алып конусты айналып келіп, допты обручтың ішіне
қойып, мәреге жүгіріп барып, гимнастикалық таяқшаны келесі ойыншыларға
береді. Қай команда бірінші, жеңіс сол команданікі.
Жүргізуші: әділ қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын әзірлегенше
біздің балабақшамыздың өнерлерін тамашалауды ұсынамыз.
- Жанат Азаматтың орындауында ән «мен қазақтың ұлымын»
- Би обручтармен
- Күншуақ тобының орындауында ән «бақытты балалық шақ»
Жүргізуші: әділ қазылар алқасы дайын болса, сөз кезегін әділ қазылар алқасына
береміз.
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
Жүргізуші: біз қазақ рухты халықпыз. Қазақ елінің рухты әні «Атамекен»
Жүргізуші: осымен бүгінгі «Балалар жылына» арналған «Бақытты бала – бақыт
бастауы» атты отбасылық спорттық сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі
кездескенше сау саламатта болы