Аудандық семинар "Ұлттық құндылық- ел байлығы" » ГККП "Ясли сад №92"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№92 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 396-31-70
Әдіскер:
+7(727) 396-29-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
желтоқсан
2024

Аудандық семинар "Ұлттық құндылық- ел байлығы"

ҚМҚК «№ 92 бөбекжай- балабақшасы» тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Ұлттық құндылық-ел байлығы» атты семинар өтті.
Мақсаты: Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу.
Семинар балабақша меңгерушісі Молдагожина Райхан Қойшыновна құттықтау сөзімен басталып, семинар барысымен және мақсатымен таныстырып өтті.
Қазақ – тілі мұғалімі Жүргенбаева Гүлмира Нүсіпбайқызы балабақшада өткізілген ұлттық құндылыққа негізделген ауқымды жұмыстармен слайд арқылы таныстырды. Осыншама құнды дүниені бала бойына сіңіру оңай дүние емес, бала тәрбиесінде үйдегі ата- ана мен ұжымның ықпалы мол, деп сөзін түйіндеді.
Мектепке даярлық «Айналайын» тобымен өткен ұйымдастырылған іс-әрекетінде ұлттық ойындарымыздың түрлеріне тоқтала келе, қазаққа қасиетті де қастерлі саналатын отауымыз, киіз үйдің әр бір бөлігін таныстырды. Осылайша балалар сахна төрінде киіз үй құрастырды. Кереге, уық, шаңырақ бір шаңырақ астында жиналу- «Отан» деген ұғым. Олай болса, отан-отбасынан басталады.«Біз- бір отбасымыз» деп ұрандатты
тәуелсіз елдің тарландары. Әсіресе кішкентай өнерпаздардың қасиетті қара домбыраны қолдарына алып, айтыс өнерін сахнада көрсетулері тартымды әрі қызықты болды. Тәрбиеші Гаухар Айтхожақызы балаларға еркіндік беріп, өз қалаулары бойынша орталықтарға бөлініп жұмыс жасауды ұсынды. Балалардың бірі әжелеріміздің ізін жалғап, киіз басып, алаша тоқыса, бірі қыштан құмыра жасады. Шығармашылықты жаны сүйетін балалар құмда сурет салды. Ұйымдастырылған іс- әрекет соңында балалар "Қазақ болып туғаныма мақтанам" деп аяқтады .
Ділмағамбетова Гүлзия Абрахмановна ҚМҚК «№ 91 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісі семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы Касымбек Айгүл Жұмабековна да өз пікірін білдіріп, алғыс айтты. Семинар балабақша ұжымы мен бүлдіршіндерінің бірілесіп дайындаған концертімен жалғасты. Музыка жетекшісі: Пазилова Ж.Б. қылқобыз үнімен аяқтады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив